БАҚ-та Ақтаудағы қоғамдық дәретхананың лас еденінде ұйықтап жатқан балалардың суреттері пайда болды. Бұл жағдайдан кейін әкімдік қызметкерлері осы отбасын тексерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 4 тамызда мамандар сол жерге барып, суреттегі отбасы кейінгі жылдары әлеуметтік бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдау алатынын анықтаған.

"Әйел — жалғызбасты ана. Бұл отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Балалардың әжесі осы қоғамдық дәретханада кассир ретінде ресми түрде жұмысқа орналасқан. Анасы бірнеше күн бұрын балаларын әжесінің қарауына қалдырғаны белгілі болды", — деді әкімдік өкілі.

Мамандар балалардың анасы тіркелген үйге де барған. Олар жағаұстатар көрініске тап болған: антисанитария, сынған есіктер.

"Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері отбасымен арада түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалардың анасы бала күтімі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін ресми түрде мәлімдеді. Қамқоршылық органдары балаларды аптаның соңына дейін уақытша бақылауда қалдырды", — деп түсіндірді әкімдік өкілі.

Қазір балалар туысының үйінде, ал олардың анасына жағдайды түзету үшін бір апта уақыт берілді. Әйтпесе балаларды одан алып қою мәселесі қаралады.

lada.kz

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы қоғамдық дәретхана жұртты ашуландырды. Тұрғындардың сөзінше, дәретханада балалар ұйықтап жатқан, ал кассир мас болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget