Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек екені айтылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушы пойызға кешігіп қалған жағдайда қалай әрекет етуі керек екенін түсіндірді:

  • Алдымен вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлау қажет.
  • Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл рәсімді пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелтілген сәттен бастап бір сағат ішінде орындау керек.
  • Ақшаны қайтару үшін жеке куәлік пен билетті ұсыну қажет.
  • Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер орын болса, келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады.
  • Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне хабарласуға болады.

Еске салайық, бұған дейін жазда Қазақстанда қосымша пойыздар қосылатыны хабарланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget