Семейде көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана пайдалануға берілді .
Абайдың 180 жылдығына орай ашылған орталықта дыбыстық мазмұндағы мәтіндерді оқуға арналған құрылғылар, Брайль қарпіне бейімделген принтер, заманауи тифлотехника бар. Сондай-ақ арнайы оқу залдары мен коворкинг алаңдары қарастырылған. Оқырмандар Брайль жазуын үйреніп, смартфон мен компьютерді арнайы бағдарламалар арқылы меңгере алады. Кітапхана жылына 15 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіп, 1000-нан аса тұрақты оқырманды қамтуды жоспарлап отыр.
Марат Әлиасқаров, «Шамшырақ» клубының меңгерушісі:
- Бұл кітапхана уникальный бір ерекше кітапхана деп айтуға болады. Неге десеңіздер жаңадан салынып тұр ғой, әлемдік стандартпен. Енді біз өте қуаныштымыз бұл кітапхананың ашылуына. Мына керемет, жарық ғимаратқа біз өте қуаныштымыз. Енді осы жерде құдай бұйыртса біз талай-талай іс-шаралар ұйымдастырамыз деп, соған қуанып тұрмын.