Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 тамызда көлік вице‑министрі ұсталды деген ақпарат тарады. Ол пара алды деген күдікке ілінгені айтылған болатын.

Артынша ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ұсталғанын растады.

"ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі пара алды деген күдікпен және сот санкциясымен көлік вице-министрін қамауға алды", — деп жазылған бұған дейінгі хабарламада.

ҰҚК көлік вице-министрі ұсталған сәттің видеосын да жариялады.

Сәтжан Аблалиев туралы не белгілі?

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы көлік-жол институты және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.

Ол 2023 жылғы қазаннан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget