Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау шараларын күшейтуді тапсырды. Мемлекет басшысы бизнес-омбудсмен Қанат Нұровты қабылдады. Оның сөзінше, бизнес өкілдерінен келіп түскен 3275 шағымның жартысынан астамы бойынша оң шешім қабылданған. Нәтижесінде 20 миллиард теңге шығынға жол берілмеді. Бұдан бөлек кәсіпкерліктің дамуын тежейтін артық әкімшілік кедергілерді қысқартуға мән беріліп отыр. Президент қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы