Елдің жалпы ішкі өніміндегі құрылыс саласының үлесі 6 пайызға жетіп отыр.

Жыл өткен сайын саланың әлеуеті артып, құрылыс қарқыны көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысына сенсек, 19 млн шаршы метрден астам нысан пайдалануға беріліпті. Оның 170 мыңнан астамы тұрғын үйге тиесілі. Ал биыл жылдың басынан бері құрылыс жұмыстарының көлемі 18 пайызға өсті. Толығырақ – келесі бейнематериалда.

Елімізде құрылыс саласы қарқынды түрде дамып келеді. Өткен жылдың өзінде ғана 19 млн шаршы метрден астам көлемде тұрғын үй салынды. Бұл –тәуелсіздік алған тұстан бері тіркелген рекордтық көрсеткіш. Ал жыл басынан бері елде 120 мектеп пен балабақша, 30 денсаулық сақтау нысаны салынды.

2025 жылы

120 мектеп пен балабақша,

30 денсаулық сақтау нысаны

Марат Жарболов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басқармасының басшысы:

- Сала қарқынды дамып келеді. Жарты жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар көлемі – 3,3 трлн теңге. Өсім – 18%-дан асады. Жалпы тұрғын үй құрылысына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция құйылған. Оның 111 млрд теңгесі – бюджет есебінен, 1,4 трлн теңгесі – жеке инвестициялар. Жеке құрылысшыларға біз сұранысты ынталандырып келеміз. Екі мемлекеттік және екі ипотекалық бағдарлама бар: «Наурыз», «7-20-25» және басқалары.

Тұрғын үй құрылысына соңғы алты жылда қазына қаржысынан 15 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Нәтижесінде мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлап, баспаналы болды. Құрылыс жұмыстары жыл өткен сайын жандауда. Алайда, жаңа пәтер сатып алуға көпшіліктің қалтасы көтере бермейді.

Тұрғын үй құрылысына соңғы 6 жылда салынған инвестиция ₸15,4 трлн

Бұған қоса, құрылыс нарығының кеңеюі де білікті мамандарға деген сұранысты арттырды. Соның арқасында құрылысшылардың жалақысы көбейді. Мәселен, ең жоғары жалақы алатын қазақстандықтар рейтингінде құрылысшылар тек IT-мамандарына, мұнайшыларға және банк қызметкерлеріне.

Виктория Тен, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы президентінің орынбасары:

- Орташа жалақы мөлшері әр өңірде әр түрлі. Әрине, құрылыс қарқынды жүріп жатқан Астана мен Алматыда жалақы 700–800 мың теңгеге дейін барады, маусым кезінде одан да жоғары болуы ықтимал. Ал аймақтарда тас қалаушылар, кран жүргізушілер сынды білікті мамандар шамамен 400–500 мың теңге алады. Кран жүргізушілердің жала ысы әдете сәл жоғарырақ болады.

Иә, құрылыс саласы мамандарының еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Былтыр қызыл судың қасіретін тартқан халыққа қол ұшын созып, баспаналарын қалпына келтірді. Қысқа мерзім ішінде 9 мыңнан астам үй жөндеу жұмыстарынан өтіп, 3 мыңға жуық үйді жаңадан салынды.

Назым Қайрат, Әнуар Абдрахманов, Марат Дихамбаев, 24КZ