Біраз уақыт бұрын алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қалған профессор Кәкен Қамзинге Атымтай Жомарт көмек қолын созды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайды профессор әлеуметтік желіде жазды.

"Бір жарым ай бұрын баспанамнан айрылып қала жаздаған ауыр жағдай бастан өтті. Өкінішке қарай, алаяқтарға алданып, үйімді қайтарып алу үшін шілденің 5-інен бастап ел-жұрттан "жылу" жинауға мәжбүр болдым. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де оңай шешім болмады. "Өлімнен ұят күшті" дейді. Бірақ сіздердің шынайы жанашырлықтарыңыз, қолдауларыңыз, жылы сөздеріңіз бізге үміт сыйлады. Аллаға мың да бір шүкір, бүгін сол "жылу" жинауды ресми түрде тоқтататынымды қуана хабарлаймын. Осылайша жиналған қаражат 9 529 836 теңгеге жетті", — деді ол.

Кәкен Қамзин қуанышты жаңалық барын да айтты.

"Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт. Бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен соманың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді", — деді ол.

Енді профессор үйді сатып алған отбасыға толық ақшасын табыстап, баспананы өз атына қайта рәсімдемек.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget