0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Мәскеу Украинаға тұтқын алмасу аяқталғаннан кейін ұзақмерзімдік бейбітшілік келісімінің шарттарын ұсынуға дайын. Мұны Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
Айта кетсек, кеше екі ел «мыңға мың» формуласын орындауға кірісті. Оның бірінші кезеңінде тараптар бір-біріне 390 адамнан қайтарды. Үйлеріне оралғандардың қатарында әскерилер мен бейбіт тұрғындар бар. Бұл шара әрі қарай да жалғаспақ.
Ресей мен Украина тұтқын алмасуға өткен аптада Ыстанбұлда ұйымдастырылған келіссөздер барысында уағдаласты. Бірақ сол кездесуде екі жақ АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған атысты тоқтату жобасы бойынша бір мәмілеге келе алмады.
Арыстан Рысбек