Таеквондодан 6 дүркін әлем чемпионы, әйгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік Астанаға келді. Ол елордада өтетін « Kazakhstan Open Astana» халықаралық турнирінің құрметті қонағы болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Сіздермен ерекше жаңалықпен бөліскім келеді. Қазіргі уақытта мен Қазақстанның бас қаласы – Астанадамын. Мені Қазақстан таеквондо федерациясы «Kazakhstan Open Astana» турниріне құрметті қонақ ретінде шақырды. Осы шақырту үшін федерацияға шын жүректен алғысымды білдіремін.Менің әкем – Мұстафа Өзтүрік дәл осы федерацияның негізін қалаған. Ол ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, Қазақстанда мықты таеквондошылардың шығуына зор үлесін қосты. Әкем өз елін шексіз сүйетін. Сондықтан бұл сапар мен үшін өте маңызды. Бұл жарыс – менің әкеммен рухани байланыс орнату мүмкіндігі. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін!» – деді Неслихан Өзтүрік.

Айта кетейік, Неслихан Өзтүрік қазіргі таңда Германияның Мюнхен қаласында тұрады. Ол бұған дейін қазақ тілін үйреніп жатқанын айтқан еді.

Әйгілі Мұстафа Өзтүрік алғаш рет Қазақстанда таеквондо мектебін ашқан. Алайда 40 жасында мезгілсіз өмірден өтті. Оның артында үш баласы қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KTF (@qaz.tkd)