Солтүстік Қазақстан облысында суретшілердің «Ботай – ұлы дала мәдениеті» атты ІІІ халықаралық симпозиумы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Оған отандық қылқалам шеберлерімен қатар Мажарстан мен Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Татарстаннан келген 20-ға жуық суретші қатысып жатыр. Олар Ботай қонысында болып, 6 мың жылдық тарихи мекенді, қағаз бетіне түсірді. Қазір мұнда кезекті қазба жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар шара аясында ғылыми семинар-тренинг, ұлттық ойындар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бұл өңірдегі мәдени туризмді дамытып, өлкетану зерттеулеріне тың серпін береді. Симпозиум жұмысына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев та қатысты.
Томас Молнар, суретші (Мажарстан):
- Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Бұл адамзаттың жабайы жылқыны алғаш рет қолға үйретілген жері. Тарихи мекенге келіп, керемет әсер алдым. Табиғаты да сұлу екен. Сондықтан шабытыма қанат бітіп, аттың бейнесін салдым.