Астанада LRT қашан іске қосылады және жол жүру құны қанша болады? Бұл сауалдарға елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындармен кездескен Жеңіс Қасымбектен "әкімдік LRT-ны тест режимінде іске қосу мерзімін кейінге қалдырмады ма?" деп сұралды.

"Ештеңе өзгерген жоқ, қыркүйекте сынақ режимінде алғашқы құрамды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сынақ қорытындысы бойынша нақты қашан іске қосылатыны анық болады. Бірақ әдетте тест режимдері үш айдан алты айға дейін созылады", — деп жауап берді елорда әкімі.

Бұл LRT 2026 жылдың басында іске қосылатынын білдіре ме? Әкім бұл сауалға былай жауап берді:

"Біз үнемі осы мерзімді айттық", — деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жол жүру құны бір сапарға 200 теңге болуы мүмкін. Бірақ нақты тарифі кейінірек айтылады.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы алғашқы LRT станциясының видеосы пайда болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget