Жамбыл облысында «Таза Бейсенбі» акциясы аясында Сеңгірбай көлінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
Экологиялық бастамаға партия белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Сеңгірбай көлі облыс орталығына жақын Жамбыл ауданында орналасқан. Сондықтан тұрғындар жаздыгүні демалу үшін қаладан арнайы барады. Бірақ тазалыққа бей-жай қарайтындар әлі де бар. Акцияға қатысушылар көл жағасындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты. Жалпы жыл басынан бері өңірде «Таза Бейсенбі» акциясына 1000-нан аса адам қатысты. Олар 30-ға жуық қоғамдық орында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Талап Әбдібеков, «Аmanat» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы:
- Жамбыл ауданының біраз ауылдық округтерінде осындай «Таза бейсенбі» акциясын өткіздік. 60-70 тоннадай осындай күл қоқыс шығарылды. Себебі тазалық өзімізге керек. Тазалық ұрпаққа керек. Осы алдағы уақытта да ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Енді бұл «Таза бейсенбі» акциясы бүгінгі күнмен тоқтап қалған жоқ. Алдағы уақытта да жұрмыстар жүргізетін боламыз.