Алдағы дүйсенбі ел тыныштығын күзетіп жүрген шекарашылар күні. Елдің шетінде, желдің өтінде қалтқысыз қызмет ететін сала мамандарының мерекесіне орай концерт ұйымдастырылды.
«Жетісу» саябағы алаңындағы шарада Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара қызметінің ансамблі өнер көрсетті. Елордалықтар мен қала қонақтары ашық аспан астында әскери, патриоттық рухты көтеретін әсем әндерді тыңдап, бишілердің өнерін тамашалады.
Қайсар Әубәкіров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ансамблінің әншісі:
- Осы концертте ансамбль дайындаған жаңадан жазылған туындылар болады. Соның ішінде жаңа әндер, аспапта ойнайтын жаңа шығармашылар. Бүгінгі шара осы алдымыздағы келе жатқан шекарашылар күніне арналған концерт.