Бұл осы салада жүргізілген кең ауқымды жаңғырту жұмыстарының нәтижесі.

Бұрын жылына небәрі 3-5 шақырым жылу желісі жөнделсе, қазір бұл көрсеткіш 30 шақырымнан асқан. Мысалы, облыс орталығында 6 шақырым, ал Екібастұзда ТМ-2 және ТМ-7 учаскелерінде 5 шақырым жылу желісі жаңартылып жатыр. Жөндеу жұмыстары Ақсуда да қарқын алған. Ал тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда гидравликалық сынақтар аяқталып, анықталған ақаулар жойылу үстінде. Сонымен қатар Жылу қуат орталықтарында қазандықтар мен инженерлік желілер де жоспарлы жөндеуден өтуде. Жылыту маусымына дайындық қыркүйек айына дейін толық аяқталады.

Ержан Иманзайыпов, Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Жоспарға сай, энергия көздерінде 46 бірлік негізгі жабдық жөнделуі тиіс. Бүгінгі таңда соның 20-сы жөнделді. Электрмен жабдықтау желілері бойынша 2 мың шақырымға жуық желі мен 712 жабдықты жөндеу көзделген. Қазірге дейін 1 280 шақырым желі мен 513 жабдық жаңартылды. Жылумен жабдықтау желілерінде 31,1 шақырымды қамтитын жұмыстардың 92 пайызы аяқталды — бұл 28,7 шақырым.