Ауғанстанда жолаушы тола автобус мотоцикл мен жүк көлігіне соғылып, жанып кетті, деп хабарлайды 24kz.
Оқиға Герат провинциясында болған. 71 адам опат болды. Олардың 17-сі бала. Жолаушылардың басым бөлігі Ираннан Кабулға бет алған мигранттар екен. Полицияның мәліметіне сүйенсек, жүргізуші қатты жүріп келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Билік опат болғандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлады.