Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли жұбын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.
Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Чехиядан барған Анастасия Детиюк/Мириам Скох жұбымен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!