Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco move Qyzyljar» атты экологиялық шара өтті. Акцияға облыс орталығы мен аудандардан 500-ге жуық ерікті арнайы келіп, қатысты.
Олар Петропавл қаласындағы орталық алаңды тазалады. Жалпы жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық экологиялық акция өткізілді.
Аяулым Құсайынова, ерікті:
Біз осылай осылай жиі-жиі әртүрлі парктерге, сквер, ескерткіштерге шығып отырамыз. Бұл өзімізге пайдалы. Осылай жинап тұруымыз өте керек деп ойлаймын.
Аснурия Абдула