Белгілі тележүргізуші әрі журналист Анна Данченко өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында кейбір адамдардың орынсыз әңгімелеріне тоқталды.
«Күліп қоямын. Кіммен суретке түссем де, артынан қосып өсек шығаратындар бар. Таңғалдыратыны – мұндай әңгімелерді кішкентай қыздар емес, ер адамдар да, тіпті әпкеммен немесе анаммен жасты апайлар да айтады. Неден ләззат табатынын түсінбеймін. Оған сенетіндер де табылады. Бұрын “біреудің тоқалы” дегенді жапсырған еді, бірақ күні-түні жұмыста жүргенімді көріп, соған сенбей қалған болар. Егер тоқал болсам, мұнша тынымсыз еңбек етпес едім. Алла өзі реттеп қойған шығар, өз адамым әлі кездеседі. Сол кезде бәрінің айтқан әңгімелеріне жауап болады», – деп жазды ол.