АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да денсаулығына байланысты қоғам назарына ілікті. Оның оң қолына тоналды крем жағылғаны байқалған. The Daily Beast басылымы оны көк дақтарды жасыру үшін қолданған болуы мүмкін деп болжайды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
79 жастағы президент 22 тамызда Вашингтондағы "The People’s House" іс-шарасына қатысқан. Суреттерден оның оң қолына макияж жасалғаны көрініп тұр, крем түсі айқын байқалады.
Видео кадры
"Кабинетте Трамп көбіне оң қолын сол қолымен жауып жүрген. Бірақ баспасөз алдында сөйлегенде крем көрініп қалды. Бақылаушылар президенттің қолын камерадан жасыруға тырысқанын байқаған, ол ыңғайсыз көрінген", — деп жазады басылым.
Бұл бірінші жағдай емес. Бұрын Ақ Үй көк дақтарды "көптеген қол алысулардан" және жүрек-қан тамырларын алдын алу үшін аспирин қабылдауымен түсіндірген. Шілдеде дәрігерлер президентке созылмалы веноздық жеткіліксіздік диагнозын қойған, бұл оның жасына тән жағдай, ісіну мен көк дақтарды түсіндіреді.
Ақ Үйдің пікірі
Баспасөз хатшысы Каролин Левитттің айтуынша, "Президент Трамп күн сайын мыңдаған американдықпен кездеседі. Оның халыққа қызмет етуге адалдығы өзгермеген".
Дегенмен журналисттер ісіну мен "денсаулық жоспары" туралы сұрақтарға Ақ Үй нақты жауап бермей, жалт бұра жауап береді деп атап өтті.
Денсаулығы
Кеше Трамп Вашингтондағы полиция қызметкерлерімен кешкі ас кезінде де қолының ісінуіне назар аударылған. Левитт әкімшілік "президенттің дәрігерінің жаңа брифингін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға дайын" екенін айтқан, бірақ ол әлі өткізілген жоқ.
The Daily Beast мәліметінше, көктемде дәрігер Шон Барбабелла жыл сайынғы медициналық тексерістің нәтижесін жариялап, Трамптың "сап-сау" екенін айтқан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз