Астаналық бизнес тренер елорда тұрғындарын сан соқтырған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаяқ қалай әрекет еткен?

Прокуратура мәліметінше, ол өзін онлайн сауда және сатып алу саласындағы бизнес тренер ретінде таныстырған. Ал клиенттерді Instagram желісі арқылы тартқан, осылайша онлайн саудаға үйрету курстарын ұсынған.

"Курс аяқталғаннан кейін ол тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, салынған қаражаттың 10%-ы мөлшерінде табыс табуға уәде берген. Алайда төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп отырған", — деп жазылған хабарламада.

Сот үкімі

Сотта алаяқтың 10 эпизодқа қатысы бары, 50 млн теңгеден аса залал келтіргені дәлелденген.

Сот үкімімен оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget