Женевада Иран мен еуроүштік арасындағы келіссөз мәресіне жетті.
Алайда тараптар Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты ортақ мәмілеге келе алмады. Бұған дейін Еуропа елдері БҰҰ санкцияларын қайта күшіне енгізу мүмкіндігі жөнінде мәлімдеген еді. Шектеулердің ішінде Ислам Республикасының активтерін бұғаттау мен оған қару-жарақ сатуға тыйым салу бар. АҚШ пен Еуроодақ Тегераннан халықаралық инспекторларды ядролық нысандарға кіргізуді талап етіп отыр. Алайда Иран уранды бейбіт мақсатта байытуға толық құқығы бар екенін айтып, бұл талаптарды заңсыз дейді.