Адвокат Ләззат Ахатова өзі жүргізген атышулы іске қатысты желідегі парақшасында бірнеше пост жариялады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айта кетейік, танымал сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Құрманәлі өзін боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп мәлімдеме жасаған еді. Бүгінде Әнару мен оның қорғаушысы Ләззат Ахатованың арасында дау туындағанға ұқсайды. Оған себеп жәбірленушінің өз адвокатын қарсы тараппен келісіп алды деп айыптауы болған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
- «Адвокатым мен Жанқош құпия келісімге келген»: Әнару Құрманәлі желіде даулы жазба жариялады (ФОТО)
- «Ар мен абыройдан жұрдай қыз»: Адвокат Ахатова зорландым деген Әнару Құрманәлі туралы
Адвокат Ахатова істің мән-жайын 6 бөлімге бөліп айтып берді.
"Мына тақырыпты жалғастыру да жиіркенішті боп тұр... Арсыз қыздың өзі тұрмақ, атының өзі жиіркенішті. Сонда да, сол істі тергеу кезінде анықталған жайттарды жасырмай, айтып кетейін. Өз артын өзі ашқан, ессіз, жүгенсіз, бетімен кеткен қыздың әкесіне обал...
1. Ол істі алғаш рет тергеу қылмыс құрамы жоқ деп, қысқартып, бүкіл БАҚ-тан хабарлап еді. Сол кезде Бас Прокуратураға бірнеше рет шағым жазып жүріп, істі қайта жаңғыртқан едім. Сол кезде сол күйі қоя салуым керек екен, сонша жүйкемді құртпай...
2. Жеті жыл бұрын отбасылы еркектің шақыруымен қонақүйге барған қыз сусынына бірдеңе қосып бергендіктен, есін білмей қалған. Содан атышулы боксёр арам ойын іске асырған. Қыздың айтуынша, оның еркінен тыс. Яғни, зорлаған. Сосын ол есін жиғасын, арыз жазам деп, жылаған. Ал Жанқош Тұраров қызға “әйелімді сүймеймін, сені сүйем, маған ұл туып бер, сені алам” деген. Қыз арыз жазбаған.
Мен жәбірленушінің тергеуде берген жауаптарына қарай, ретімен айтып отырмын. Ақ-қарасын өздеріңіз ажыратып аларсыздар. Шынымен зорланған ба, әлде ойнас еркегінің отбасын тастап, өзіне үйленбегеніне ерегісіп, елді шулатқан ба, пайымдап аларсыздар..Пәлен-түген деп, пікір айтпай-ақ қояйын... Ақыры, «Жанқошпен келісіп” алған екем) “Келіскеннің” қандай болатынын енді көрсін.
3. Жеті жыл бойы қорқып келдім деді. Аядық, сендік. Мен де аяп, сендім. Ал ол қыздың тергеудегі әр жауабынан, сөздерінің қиыспайтынынан сенім азайып, күдік қоюлана берді. Сонда да кәсіби міндетімді адал атқардым. Қазақша айтқанда, қорғаушы ретінде біржақты позициядан таймадым. Тіпті істен шығып кеткенде де, қанша ренжісем де, сол позициядан өзгерген жоқпын. Ал енді “тыныш жатқан бүркіттің бір жерін түртіп, үркіткен” өзі.
4. Жеті жыл бұрынғы жағдайды дәлелдеу мүмкін емес, әрине. Сол кезде бірден арыз бергенде, орысша айтқанда, “было бы проще”. Сарапшы дәрігерлер қыздық перденің бүлінгенін, зорлық белгісін анықтап берер еді. Арызданған жоқ, ол кезде. Зорланған қыз зорлықшының түрін көргісі келмейді емес пе, ары қарай кездеспек түгілі?.. Ертеңіне де кездесіп, көшеде әлгі спортшы еркектің көлігінде ж.қатынасқа түстік деп, ұялмай айтып отырғанда, тергеушіден мен ұялып кеттім...
5. Қош, жеті жыл бойы ол еркек қызды “қорқытып, бопсалап” келіпті. Бізге айтуы бойынша. Соңғы рет “зорланғаны” 2024 жылдың 13 — тамызы. Ал жәбірленуші полицияға арызды 19-тамыз күні барып, жазған. 2018 -жылы алғаш “зорланғанда” жас болыпты, тәжірибесіз болыпты. Жеті жылда зорланған жағдайда арызды бірден жазу керегін білу керек емес пе еді?... Алты күннен соң, әбден жуынып, ойланып барған ба, полицияға?..оған да түсіністікпен қарадық, “депрессияға түсіп, есін сол кезде жинаған” деп.
Тергеуші ол қыздың арызды мас күйінде келіп, жазғанын айтқанда, тағы ұялып кеттім... Одан мас боп, полиция ғимаратының алдында бір қыздармен жұлысып, футболкасы жыртылып, кеудесі жалаңаш видеосын көргенде де, бетім қызарып, жерге қарадым ғой...
Қанша рет бетім қызарды, негізі, бұл қыз үшін. Абыройсыз адамның ісін жүргізу де абырой әпермейтінін ұғынсам да, “адасып қалған бала ғой. Анасы да жоқ. Әкесі өз отбасында, өзімен-өзі. Кеудесінен итермей, жанын түсінуге тырысайық, түзу жолға түсіп кетер” — деген үміт болды, көңілде... Удай мас күйінде бір кафеде шыңғырып, біреулермен қырылысып жүргенін Козачков та шығарып еді ғой, каналына.
Одан тергеу тобы көршілерінен жауап алғандағы, көршілерінің жауаптарына тағы қызардық... ”Ж... деп ойлаймыз, солай киінеді, ылғи түнде жүреді, түр әлпеті жеңіл жүрісті қызға ұқсайды” — деген жауаптар. Сол үшін де тергеушімен ұрысқаным есімде. Көршілерінде нелерің бар деп)
6. Сараптама қорытындысы бойынша 13-тамыз күні Жанқош Тұраров пен Әнару Құрманәлінің ж.қатынасқа түскені расталды. Ол биологиялық сараптаманы да айқай-шумен өткізгенімізге өздеріңіз куәсіздер. Тұраров келмей, қашқақтап, қорғау тараптан шағым түсіп, оны сотта бұздырып, қол жеткіздік, — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар ол бұл шудың басталуына Әнару мен Жанқоштың әйелі Клараның арасындағы ұрыс-керіс себепші болғанын алға тартты.
"Ал енді зорлық орын алды ма, әлде қатынас екі адамның келісімімен болды ма? Біз зорлық дедік, екінші тарап өз еркімізбен болдық деді. Болғандары анық. Тұраровтың “ол қызды танымаймын” дегені далбаса әңгіме. “Апама жездем сай” деген сөз бар ғой. Перепискалары бар, сол күнгі, “бара жатырмын, келе жатырмын” деген.
Зорланған адам бір жарым сутка “зорлықшы” еркекпен бір бөлмеде қалмайтын шығар?...
- Неге айқайламадыңыз, көршілерді көмекке шақырмадыңыз? — деген сұрақ болды, тергеуде. Орынды сұрақ қой, жалпы.
Қоштасайық деп айтуға шақырған екен, жәбірленушінің айтуынша. Сөйтіп, қоштасу мақсатында бірге шарап ішкен). Содан соң, “насильникті” спокойно шығарып салып, оның әйеліне жазған. “Сенің күйеуің мені зорлады” деп. Содан екі бикештің қақтығысы басталады. Біреуі соттатам дейді, екіншісі “попробуй, қолыңнан түк келмейді, сен ол үшін жай тряпкасың” — дейді. Содан әйеліне ерегісіп, барып, арыз жаза салады. Әкесіне жылап-сықтап, журналистерді жинатып алады да, сұқбат беріп тастайды, ерегісіп. Все просто, ол үшін). Арасында анасы жоқ жетімдігін айтып, елдің аянышын туғызады. Манипуляция жасауды шебер меңгерген. Шынымен зардап шексе, сараптама қолында тұр, тағы бір адвокаты бар, істі өзі соңына жеткізіп, Жанқошты соттатпай ма?) Маған қарап қалған не бар, бұл жерде?), — деді ашуланған адвокат.