Солтүстік Қазақстан университетінің 4 мамырдан бері із-түзсіз жоғалған екінші курс студенті Анатолий Филипповтан әлі күнге еш хабар жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Студент соңғы рет осы күні хабарға шыққан. Оның телефонынан дабылдар Ойқала, Черемушки және Коммунхоз шағын аудандарынан түскен. Осы аудандарды құрамында полиция қызметкерлері және волонтёрлер мен еріктілер бар 50 шақты адам сүзіп шығып, еш нәтиже шығара алмады.
Анатолий Жамбыл ауданының тумасы, ата-анасы аңырап отыр. 17 мамырда сүңгуір мамандардан құрылған алты адамдық екінші топ Есілдің бойын 31 шақырым бойы сүзіп, ештеңе таппады. Қазір іздеуді сегіз адамнан тұратын құтқарушылар жалғастыруда. Өзен ағысының қаттылығы мен судың лайлығы олардың жұмысына кедергі жасауда.
Петропавл