Қазақстандық теннисшілер Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай жұптық сында жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына шықты. Олар колумбиялық-америкалық дуэтті супер тай-брейкте 10:8 есебімен ұтты. Тартысты бәсеке бір жарым сағатан астам уақытқа созылды. Енді Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай ширек финалға шығу үшін германиялық жұп Макдональд пен Шёнхаусқа қарсы ойын өткізеді.

Азамат Нұғыманов