Елорда мектептерінде ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар үшін тағы 10 инклюзивті кабинет ашылды.
Енді қала бойынша мыңнан астам бала дефектолог, логопед, психолог және өзге де мамандардың көмегімен білімін жетілдіреді. Бұл Самұрық Қазына қорының бірыңғай қайырымдылық операторы Самұрық қазына траст қорының маңызды бастамасы. Осымен елорда мектептерінде инклюзивті кабинеттердің саны 21-ге жетті. Олардың бірі №91 гимназияда орналасты. Ерекше білім беруді қажет ететін 40-тан астам оқушы үшін дене шынықтыру залы, қыш шеберханасы, дефектолог, логопед және психолог кабинеттері жұмыс істейді.
Ботагөз Карбаева, №91 мектеп-гимназиясының инклюзияны қолдау координаторы:
- Оңалту үшін оқушыларымызда қозғалыс бұзылыстарын түзетуге, күшпен үйлестіруді дамытуға арналған жұмыстар жүргізіледі. Мысалы дефекторлог пен логопед тілдің дұрыс сөйлеуіне сонымен қатар дененің бітіміне ЛФК ерекше білм беретін оқушылар үшін өте керемет керек кабинеттер болып табылады.
Жеткіншектер қатарластарымен бірге заманға сай білім алатынына ұстаздармен бірге ата-аналар да айрықша қуанды.
Ботагөз Бейсенбекова, ата-ана:
- Осы мектепке екі ұлымды алып келемін. Екеуі де ерекше. Мектептке келгелі бізге көп пайдасы тиді. Әрине, әр ата-ананың арманы қатарынан қалмай бірге өскен, дамуына, қоғамға бейімделуіне көмектесу.
Инклюзивті кабинеттер қаланың әр ауданындағы мектептерде ашылды. Елордада ерекше білім» беру қажеттілігі бар 2,5 мың оқушы бар. Қор ашқан кабинеттер олардың 40% қамтыды.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
- Самұрық-Қазына қоры корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жүйелі жұмыс атқарып жатыр. Біздің ең маңызды бағыттарымыздың бірі инклюзия болып табылады. Жалпы жыл сайын Самұрық-Қазына 700 мың адамға көмек көрсетіп жатыр. Инклюзия бойынша 22 қалада арнайы ерекше балаларға арналған спорт секцияларын аштық.
Кейінгі 2 жылда «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры осындай 21 инклюзивті кабинет ашты. Қаражаттың басым бөлігі «Samruk Charity Marathon» қайырымдылық марафонының көмегімен жиналды.
Рухани Әбдірахман, Қанат Махмұтов, 24KZ