Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының оқу театры күрделі жөндеуден өтті.
Залға 200-ге жуық көрермен сыяды. Бұрынғы тозығы жеткен сахнаның орнын заманауи талапқа сай жарық жүйесі мен LED-экран алмастырды. Бұл жаңару жаңа форматтағы қойылымдар мен шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға кең өріс ашады.
Жөндеу жұмыстары демеушілердің қолдауымен жүзеге асқан. Академия басшылығының айтуынша, мұнда халықаралық фестивальдерді өткізуге болады. Жаңғырған оқу театры тек студенттердің шығармашылық ізденісін қолдаушы алаң ғана емес, қазақ өнерінің өркендеуіне қызмет ететін үлкен мәдени ортаға айналады деген сенім бар.
Арман Жүдебаев, Т.Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА ректоры:
- Әрине театралдар үшін ең маңызды ол — таза сахна өздеріңіз білесіздер. Шынында да бұл біздің оқу театрымызда ұлы Асқар Тоқпановтан бастап, бүкіл ұлылардың басқан жері ғой академия. Қара шаңырақ. Орталық Азияда ең үлкен біздің академиямыздың бірі. Сондықтан осы академия соған лайықты болу керек.