Германияда созылмалы шаршау синдромына 600 мыңнан аса адам шалдыққан. Көбі 30 бен 40 жас аралығындағы тұрғындар. Неміс дәрігерлері дерт короновирус пандемиясынан кейін ушыға бастағаннын айтады. Ковидке дейін елде осындай 250 мың науқас болса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 2 есе артқан.

Әрі ерлерге қарағанда әйелдер 3 есе көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша бұл синдром 1969 жылдан бері неврологиялық ауру санатына жатады. Аурудың нақты емі жоқ. Қазіргі медициналық препараттар тек дерттің асқынуын тежейді.