Жалпы жыл басынан бері Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 22 пайызға артып, 1,9 млрд долларға жетті. Алайда экспорт азайды. Алты айда 0,6 млрд доллардың өнімін мұхит асырдық.
Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 42 пайыз төмен. Оған мұнай, ферро-қорытпа, күміс, азот тыңайтқышы, т.б. тауарларға сұраныстың азаюы себеп. Дегенмен, уран тасымалы 41 пайыз артты. 43 млн доллардың өнімін экспорттадық. Сондай-ақ қазақтың зергерлік бұйымдарына қызығушылық арта түскен.
Экспорттық өнімдер:
Шикі мұнай – $269,1 млн (41,9%)
Уран – $148,2 млн (23,1%)
Күміс – $91,9 млн (14,3%)
Ферроқорытпа – $63,7 млн (9,9%)
Осы қаңтар-шілде аралығында АҚШ-тан импорт көлемі 1,2 млрд доллар болды. Бұл былтырғыдан 6 пайыз төмен. Негізінен жеңіл көлік, көлік құрастыруға қажет бұйымдар, ет, құс еті және өзге де азық-түлік пен жабдықтарға сұраныстың азаюы себеп болды. Америка құрама штаттарынан біздің ел дәрі-дәрмек, жеңіл көліктер, вакцина, арматура мен құбырлар, көлік құрастыруға және медицинаға қажет құрал-жабдықтар, т.б. алып отыр.
Қазақтан – АҚШ:
Тауар айналымы $1,9 млрд (-22,8%)
Экспорт $0,6 млрд (-42,7%)
Импорт $1,2 млрд (-6%)