Биыл екінші тоқсанда халықаралық валюта қорындағы доллардың үлесі азайып, бірден 1 жарым пайыз кеміді. Бұл Халықаралық Валюта қорының дерегі. Жалпылай алғанда, доллардың көлемі 56,3 пайызға дейін түскен. Мұндай көрсеткіш соңғы 30 жылда болған емес. Бұған АҚШ валютасы индексінің төмендеуі себеп. «Федеральды Резерв жүйесінің қатаң ақша-несие саясаты инвесторлардың долларға қатысты сеніміне селкеу түсірді», — дейді сарапшылар.