Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Қаржы қайда жұмсалады?

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді.

"Жоба бойынша Алакөл ауданы Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданы Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде мыңнан аса ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады", — деп жазылған хабарламада.

Жылға жоспар

2025 жылдың аяғына қарай өңірдегі ауызсумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз — 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget