Сербияның Нови-Сад қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Алғаш болып жарыс жолына грек-рим күресінің өкілдері шықты.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрдәулет Қапас жұбаныш белдесуіне дейін жетті.
Жарыс барысында ол Молдова балуаны Виталий Еременкоға есе жіберген болатын. Алайда қарсыласы әлем чемпионатының финалына шыққандықтан, Қапасқа қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік туды.
Ол үшін Нұрдәулет жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі қажет.