Енді ChatGPT өнімін шығарған компания қосылған құн салығын төлейді. Жасанды интеллектіге негізделген бұл чат-боттың жұмысына OpenAI компаниясы жауапты. Америкалық ұйым Қазақстанда биыл тіркелген. Яғни, заңға сәйкес жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін салық төлейді.

Ильяс Каптағаев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшысы:

2022 жылдан бастап шетелдік маркетплейстер ҚР азаматтарына электронды түрде тауар өткізген жағдайда немесе электронды қызмет көрсететін болса олар қосымша құн салығын төлеу міндеті туындайды. 109 компания тіркелген, соның ішінде ChatGPT да тіркеуде тұр. ChatGPT ақпараттарды өңдейтін болатын болса ақылы түрде, осындай қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының бюджетіне салық төлеу міндетті.

Темірлан Нұрсолтанов