Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекованың күйеуі Сәкен Қағаров оқырмандарын алаңдатып қойды.

Желі жұлдызы әріптесінен ақшасын ала алмай жүргенін айтты.

“Өте жақын танысыма сатып едім, арада 10 ай өтті. Үнсіз кетті, 200 мың теңгеге алған. Әрине, бұл өте үлкен сома емес, бірақ мәселе адамның сенімінде", – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Сәкен Қағаровтың жазбасына көпшілік қолдау көрсетті, тіпті видеографтан зардап шеккендер де табылды.

"Ол бұрын бізден техника жалдап, ақашасын төлемей кеткен. Біз оған хабарласа алмадық", "бұл видеографты құрметтейтін едім, оның курстарын сатып алдым. Өкінішке орай тамыз айынан бері байланыса алмай қалдым. Тек 5 сабақты онлайн көре алдым" , – деп жазды көпшілік.