Алматы әкімдігі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін ірі сауда желілерімен меморандумға қол қойды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның мақсаты — әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы негізсіз өсуіне жол бермеу және белгіленген сауда үстемесін сақтау.

"Құжат аясында сауда желілері жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке сауда үстемесін 15%-дан асырмай, бағаны тұрақты деңгейде ұстап тұруға дайын екенін растады", — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру мақсатында отандық өндірушілердің өнімдерін тікелей жеткізу жұмыстары ұйымдастырылған. Қазір олардың өнімдері ірі сауда желілерінің сөрелеріне қойылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget