Ақтауда колледж студенттері шағын аудандардың аумағын абаттандыруға атсалысты, деп хабарлайды 24kz.

Жүзден астам жас 15-ші және 27-ші ықшам аудандарды қоқыстан тазалады. Жиналған күл-қоқыс қала сыртындағы полигонға шығарылды. Белсенді жастар көше бойындағы аллеяға 50-ге жуық тал екті. Олар келесі сенбілікте туристік орнынды тазалауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ маңғыстаулық студенттер Атыраудан қабылдап алған тазалық челленджін Павлодар облысының жастарына жолдады.

Нұрилла Есенғазы, студент:

- Бізді осы акцияға шақырып отыр Атыраудан. Және де бұл акция күшті өтті деп ойлаймын. Табиғатқа талдың маңызы өте зор. Бізге көлеңке береді және қаланы әсемдеп тұрады. Біздің Ақтау қаласында тал көп болғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені көркейеді қаламыз.