Қараша айының 18-22 күндері аралығында Астанада «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі өтеді , деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл – Қазақстандағы ең ірі мәдени шаралардың бірі болып саналатын, әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін беделді фестиваль.
«Шабыт» фестивалінің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.
Қатысу шарттары:
Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы шығармашыл жастар қатыса алады: өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары. Әр қатысушы тек бір номинация бойынша ғана өтінім бере алады.
Өтінімдер 5 қараша күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) қабылданады.
Номинациялар:
- Камералық хор. Хор дирижері
- Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік
- Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано)
- Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы)
- Эстрадалық вокал (дуэт, трио)
- Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика)
- Поэзия (үздік әдеби шығарма)
- Креативті бағыт
Сыйақы қоры:
Гран-при – 3 000 000 тг
I орын – 1 000 000 тг
II орын – 750 000 тг
III орын – 500 000 тг
«Шабыт» фестивалі – жаңа есімдердің бастау алаңы, шабыт пен шығармашылықтың қайнар көзі, Қазақстан мен әлем жастарының бірлігін білдіретін мәдени бренд.
Ұйымдастырушылар:
- Мәдениет және ақпарат министрлігі
- Астана қаласы әкімдігі
- «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» ШЖҚ ГККП
- Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ)
 
                         
                                 
                                             
                                            