Азаматтарға арналған үкімет пен ұялы байланыс операторлары қаржы мониторинг субъектісі тізіміне енеді. Осылайша олар қауіпсіздік күштеріне ақпарат беруге міндеттеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат аясында 6 кодекс пен 14 заңға түзетулер енгізіледі. Заң жобасы арқылы қаржы мониторингі бойынша жаңа субъектілер енгізіледі.
Олардың қатарында ұялы байланыс операторлары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бар. Сондай-ақ, депутаттар бұл тізімде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалдыруды да ұсынды.
"Азаматтарға арналған үкімет" нотариустармен жасалған мәмілелер сияқты, 50 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік бойынша жасалған мәмілелер туралы есеп береді", — деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!