Ақылды робот ауыл шаруашылығындағы экологиялық тұрақтылық және жұмыс күшінің тапшылығы сияқты мәселелерді шешу мақсатында сынақтан өтіп жатыр. Тың жобада робототехника мен жасанды интеллект біріктірілген.
Жер учаскелерінің иелері жүзімнің жағдайы мен күтімі туралы сандық деректерге қол жеткізе алады. Фермерлер модульдік құрылым құлтемірді жеке қажеттіліктерге бейімдеуге мүмкіндік беретінін, оның түрлі тапсырмаларды орындауға икемді екенін айтып отыр.