Премьер-министр ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді.
Онда мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, инфрақұрылымды дамыту және озық технологияларды енгізу жоспарлары талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қаралды. Олжас Бектенов локализациялау деңгейі жеткіліксіз Теңіз жобасы шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті. Тараптар Қашаған кен орнын игеру кезеңдерін іске асыруды, оның ішінде өндіру көлемін ұлғайту және қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу жоспарына дайындықты пысықтады. Жоба іске қосылған сәттен бастап кен орнында шамамен 906 млн баррель мұнай және 75 млрд текше метр газ өндірілді. Бұдан бөлек қазақстандық мұнайды сыртқы нарықтарға тасымалдауда шешуші роль атқаратын Каспий құбыр консорциумының мұнай құбырының тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.