Желіде оқушысы тыңдамай, оған бор лақтырған мұғалімнің видеосы тарады.
Онда әріптесі осы әрекеті үшін түсініктеме жазып жатқанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты.
«Бүйткен мұғалімдігі құрысын. Өзім мұғаліммін, әріптесім сабақ кезінде бір бала шулап қоймаған соң, қолындағы борын лақтырған. Құлағына тиген. Сөйтіп ол жылап, мамасына хабарласқан. Мамасына да сөз ұқпайтын біреу екен.
Полиция шақырып, ана жерді ажиотаж қылып жіберді. Қазір әріптесіме түсініктеме жазғызып жатыр. Байғұс жұмыстан шығарайын деп жатыр, байғұс дірілдеп тұр», — деді мұғалім.