Елордамыз астана мәртебесін алғалы 30 жылдың жүзі болды.
1997 жылы елорданы Алматыдан Арқадағы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданған еді. Бас қаланы тәуелсіздік бастауындағы басты жетістіктердің бірі ретінде атап өту керек. Ол бүгінде Еуразия кіндігіндегі ең белсенді орталыққа, әлемдік деңгейдегі шешімдер қабылданатын цифрлық, дипломатиялық және мәдени хабқа айналды. Сан жылдағы санға тоқталайық. Бүгінде бас қаланың аумағы ұлғайып, тұрғын саны төрт есе өсті. Ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері шаһардың экономикалық әлеуеті 100 есе артты. Қазір елдегі жалпы ішкі өнімнің 11 пайыздан астамы Астананың үлесінде.