Мерекеге орай Астанада паравелоспорттан ел кубогі сарапқа салынды.

Дәстүрлі жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар, сондай-ақ интеллектуалды даму ерекшеліктері бар параспортшылар қатысты. Турнир Қазақстанның паравелоспорт федерациясының қолдауымен өтті. Үміткерлер екі күн қатарынан түрлі қашықтық бойынша сынға түсіп, ең мықтыны анықтады. Атап айтсақ, Астана, Қарағанды, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының спортшылары бақ сынады. Жарыс елімізде инклюзивті және бейімделген спорт түрін дамытуға бағытталған.

Кенжеғұл Сейтжан, ҚР ПарламентІ Мәжілісінің депутаты:

- Қатысушылардың қызығушылығы өте жоғары. Жиырмаға жуық қатысушы болды. Оның ішінде С тобында 4 адам, 3 ербала, 1 қыз бала, одан кейін І тобында, яғни зияткерлігі бұзылған азаматтардың арасында 14 бала қатысты. Мен өте ризамын.