Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында жасаған баяндамасында дәнді дақылдардың рекордтық өнімі (екінші жыл қатарынан) шамамен 27 млн тоннаға жеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Өсу көрсеткіші – өсімдік шаруашылығындағы көлемнің 7,6%-ға ұлғаюымен қамтамасыз етілді, бұл қолайлы ауа-райы мен дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігіне байланысты. 1 млн тонна көлемде бұршақ дақылдарының және 4,7 млн тонна көлемде майлы тұқымдардың рекордтық өнімі алынды. Мақта жинау бойынша жоғары нәтиже күтіліп отыр», деді С.Жұманғарин.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ең жоғары өсу көрсеткішін Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті.
Баяндамашы мәлімдегендей, барлық 7 негізгі көрсеткіш бойынша өсу 12 өңірде тіркелген.
Атырау облысында 3 көрсеткіш бойынша төмендеу байқалған.