Бүгін Қарағанды облысындағы Абай қаласында 38 отбасы баспаналы болды. Бұл аудандағы Отбасы банк рәсімінен өтіп, пәтер кілтін алған алғашқы тұрғындар.
Олардың басым бөлігі баспанаға мұқтаж, он жылдан астам үй кезегінде тұрған азаматтар. Биыл мемлекеттің жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мақсатында 80 пәтерлі бес қабатты үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар құрылыс компанияларынан 129 пәтер сатып алынған. Банк шешімімен қалған пәтерлер де үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.
Дидар Искаков қала тұрғыны:
- Әрине өте қуаныштымын. Қуанышымда шек жоқ. Пәтер жалдаған әрине, жаныма батып кетті. 18 жыл болды осы пәтерді күтіп отырғаныма. 10 жылдай болды пәтер жалдап жүргеніме. Шүкір Аллаға. Төрт балам бар. Осындай үй беріп жатқандарына қуаныштымын.