Алматы облысында аутлет орталығы салынады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің аустриялық EKAZENT Management GmbH компаниясының басшылығымен кездесуінде айтылды.
Тараптар сауда және туризм салаларындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады. Сонымен қатар кездесуде аутлет орталығы жобасы өңірдің сауда және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталатынын айтты. Демек көршілес елдерден де тұтынушылар тартуға мүмкіндік бар. Орталықтың құрылысы шағын және орта бизнесті дамуытумен қатар инвестиция тартуға және тауар айналымын арттыруға тың серпін бермек. Ал біздің елдің логистикалық инфрақұрылымы қолайлы.
Айта кетейік, EKAZENT Management – сауда және аутлет орталықтарын басқару қызметтерінің толық кешенін ұсынатын аустриялық жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшыларының бірі.