Жапонияға ресми сапары барысында Мемлекет басшысы Токиодағы Мейджи Джингу Синто ғибадатханасына барды.
1920 жылы салынған бұл кешен император Мейджиге арналған және Жапонияның тарихи әрі рухани символы саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан. Кешенмен танысқан соң Президент Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырып, Мейджи Джингу жапон халқының бірлігі мен ұлттық санасын айқындайтын қасиетті орын екенін атап өтті. Күншығыс елінің өркендей беруіне тілектестік білдірді.