Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан үш қабатты жатақханада өрт шықты.

Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықтың шатыры жанғанын көріп, газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. 60 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын толық сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көмек келгенге дейін тұрғындар өз бетінше эвакуацияланған. Оқиға орнында психологтар да жұмыс істеді.