Президент елорда нысандарын аралау барысында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне де барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ бірнеше зауыттың қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылды. Бұдан бөлек Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалды паркінің даму перспективасы жайында баяндалды. Аталған алаңда құны 500 миллиард теңгеден асатын 100-ден аса жоба іске қосылады. 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 миллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.