Қостанайда 37 мыңнан аса оқушы бар, алайда қала маңында балаларға арналған жазғы лагерь жоқ. Сондықтан биыл 200-ге жуық оқушы үшінші жыл қатарынан Көкшетауға барады. Сондай-ақ тағы сонша ерекше қажеттілігі бар балалар өңірдегі «Хатико» оңалту орталығында демалса, мыңнан астамы мектеп лагерінде тегін аспен қамтылады. Бұл көрсеткіш өте аз. Сондықтан қала сыртындағы ескі лагерді қалпына келтіру мүмкіндігі қаралып жатыр. Ал облыста барлығы 12 лагерь бар, мұнда биыл 8 мыңнан аса оқушы демалады, деп жоспарланып отыр.

Анна Лазарева, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз хатшысы:

Қаладағы балалардың басым бөлігінің жазғы демаласы өңірдегі басқа лагерьлердің базасында өтеді. Қазір қала маңындағы «Нива» ескі лагерін білім бөлімінің теңгеріміне ауыстыру мәселесі қаралып жатыр. Кейін реконструкция жасау үшін аумақ толық зерттеліп, жобалық сметалық құжаттар тағайындалады. Қажет қаражат құжат рәсімдерінен кейін белгілі болады. Бұған, әрине, уақыт керек.

Мәдина Нағашыбай