Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарының өліміне қатысты үкім шықты.


Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық қаралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып отыр.

Сот шешімімен оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген.

Жаза кеткен жөн, Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың 30 қазанында Астанада кісі қолынан мерт болған еді.

Марқұм ол кезде 65 жаста болды.

Бабақұмаров бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Президент кеңесшісі қызметтерін атқарған.